Алматы маңында қоқыс полигонындағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 3 тонна су тасымалдайтын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеп жатыр.

Өрт алаңы - 3 гектар. Ал жалпы қоқыс тастайтын алаңның аумағы 38 гектарды құрайды.

«Өрт орнында үздіксіз су беріліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар