Алматы маңында қатар тұрған 3 үй отқа оранды

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар тас жолында барак типтес тұрғын үй мен жиһаз цехы отқа оранды.

Шұғыл ақпаратты ҚР ТЖМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оның айтуынша, төтенше жағдай бүгін 22:10-да болған.

«Алматы облысы Тұздыбастау ауылында түнгі 22:10-да жихаз цехы өртенген. Тілсіз жау қасындағы барак типтес үйді де шарпыған. Қызыл жалын 380 шаршы метрді шарпыды. Өртті өшіруге 14 өрт сөндіруші мен  3 техника жұмылдырылды», - деді Р.Иманқұлов.

Оқыс оқиға орнына аудан әкімі Райхан Садықова, аудандық прокурор, аудандық электр желісі басқармасының, газ қызметтерінің басшылары, ІІБ басшысы келді. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.  

Жанып кеткен үй иелерінің бірі жүрегі ауырып жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Талгарская трасса п.Туздыбастау горят несколько домов ... корректируйте свой маршрут , движение затруднено .. актуально на 22:22 . #пожар #талгар #туздыбастау #трасса #101 #пробки #затор

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Июл 27 2017 в 10:17 PDT

Соңғы жаңалықтар