+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

2021 жылғы 3 тамыз 12:45
Бөлісіңіз:
Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда сегіз айда жол апатынан 133 адам көз жұмған Жамбылда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды Түркістан облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жол-көлік оқиғасы 2 тамыз күні сағат 23:30 шамасында болған.

«Toyota Rav-4» маркалы автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Алдабергенов көшесімен батыс бағытта келе жатып, ағашқа соқтығысып қалған.

Содан кейін рөлді басқара алмай, аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алған жарақаттарынан көліктің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Сондай-ақ түрлі дене жарақатымен жүргізуші Талғар қаласының ауруханасына жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ПД.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT