Алматы маңында бірнеше өрт оқиғасы тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының маңында бірнеше өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, сағат 13:20 шамасында Іле ауданындағы «Дорожник» демалыс үйінде жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын құрғақ шөп отқа оранды. Осыдан кейін тілсіз жау 32 шаршы метрлік саяжайлы үйді шарпыған. ТЖД қызметінің күшімен өрт 14:24 кезінде өшірілді. Зардап шеккендер немесе қаза тапқандар жоқ.

Сағат 13:57 кезінде Түрксіб ауданында шамамен аумағы 4-5 га болатын құрғақ шөп өртенді. Зардап шеккендер немесе мерт болғандар жоқ. Оқиға орнында Алматы ТЖД (32 маман мен 7 арнайы техника) қызметкерлері жұмылдырылды.

Сағат 13:28 кезінде Іле ауданы Казцик ауылдық округінде аумағы 5 га болатын құрғақ шөпті от шарпыған. Араға бір жарым сағат салып тілсіз жауды ТЖД қызметкерлері (3 қызметкер мен 1 арнайы техниканың көмегімен) толық ауыздықтады.

Сонымен қатар, сағат 14:23-те аталмыш ауданда тағы 50 шаршы метрді алып жатқан құрғақ шөп өртенген. Сағат 15:00-де 3 қызметкер мен 1 арнайы техниканың көмегімен тілісіз жау ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар