+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Алматы маңында белгісіз біреулер автобус жүргізушісін соққыға жықты

2020 жылғы 21 желтоқсан 13:03
Бөлісіңіз:
Алматы маңында белгісіз біреулер автобус жүргізушісін соққыға жықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында тапатал түсте автобус жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде № 220 маршрутының жүргізушісін күндіз 150 теңге үшін соққыға жыққандығы туралы видео пайда болды.

Шабуыл 20 желтоқсан күні Жетіген теміржол станциясында орын алған. Сонымен қатар, бейнежазбада жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғасын сындырып, барлық ақшаны алып кеткені айтылған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі автобус жүргізушісіне жасалған шабуыл туралы құқық қорғау органдарына ешқандай шағым түспегенін хабарлады. Оқиға әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталды.

«Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның қатысушылары мен куәгерлері анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады «, - деп түсіндірді полиция.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT