+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматы маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» Мәскеуге жіберілді

2013 жылғы 31 қаңтар 12:06
Бөлісіңіз:
Алматы маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» Мәскеуге жіберілді

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекетаралық авиациялық комитеттің сарапшылары тәуелсіз зерттеу жүргізуі үшін Алматы маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» Мәскеу қаласына жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында хабарланды.

Ұшақ апатында қаза болған ақмолалық азаматтардың денелері 30 қаңтарда Көкшетауға жеткізілді, Алматы қаласының 6 тұрғынының мүрдесі туыстарына берілді. Ал Қырғызстан азаматының денесін Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Бішкек қаласына жеткізді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласының әуежайы аумағында «Скат» авиакомпаниясының GRJ-200 әуе кемесі апатқа ұшырады. Ұшақ «Көкшетау-Алматы» бағыты бойынша ұшқан.

Ұшақ Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Ту кентінің маңында, әуежайдың шығыс жағында құлаған. Ұшақ бортында арасында 1 бала бар 16 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT