«Алматы-Маңғышлақ» пойызында билеті жоқ 29 жолаушы анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жұмыс тобымен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізді.  Тексерулер барысында пойыздарда жолаушыларды тасымалдау қағидалары бірнеше рет бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд кезінде №377/378 «Алматы - Маңғышлақ», «Ақтөбе-Алматы» екі жолаушылар пойызы тексерілді. Нәтижесінде Шымкент-Арыс учаскесінде "Алматы-Маңғышлақ" қатынасындағы пойызда 29 билетсіз жолаушы анықталды.

«Жолаушыларды билетсіз тасымалдау жәйті бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 623-бабының 4-бөлігі бойынша пойыз бастығына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігі бойынша Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын  бұзғаны үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның заңды тұлғасы "Батыс" аймақтық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Ақтөбе - Алматы" бағытындағы №24 пойызда мүгедектер арбасымен  қозғалатын тұлғаларды отырғызатын және түсіретін көтергіш құрылғысы бар вагон болмай шықты. Бұдан өзге, штаб вагонында шағымдар мен ұсыныстар жәшігі қойылмағаны анықталды.  Аталған құқық бұзушылықтар бойынша  "Жолаушылар тасымалы" АҚ заңды тұлғасы "Батыс" аймақтық филиалы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. 

null 

Соңғы жаңалықтар