Алматы Малайзиямен байланысын нығайта түспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы Малайзияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Хидаят Абдул Хамидпен кездесті.

Қала басшылығы Малайзия дипломатының Malaysia Airlines авиакомпаниясының жоғалып кеткен ұшағы оқиғасына қатысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Кездесу барысында Алматы мени Малайзия арасындағы көп салалы байланысты нығайту туралы талқыланды. Қала әкімі мегаполисте туристік саланың кең қанат жайып келе жатқанын тілге тиек етті. «Біз тау туризмін дамытып, спортпен айналысу үшін қазіргі заманғы барлық жағдайларды жасауға ұмтылудамыз. 2017 жылы Алматыда қысқы Универсиада өтеді. Біздің қаламыз 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге де кандидат. Жеңімпаз Малайзияның астанасы Куала-Лумпурде 2015 жылы анықталады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов. Өз кезегінде Малайзия елшісі мегаполиспен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді. «Алматы - өте сұлу қала. Мұнда бизнес, білім, медицина жақсы дамыған. Малайзиядан келетін туристер, бизнесмендер қатары да жыл санап арта түсуде. Біз болашақта Қазақстанмен, Алматымен достық байланысты нығайтатын боламыз», - деді Дато Хидаят Абдул Хамид.

Соңғы жаңалықтар