Алматы мал шаруашылығы саласында Канадамен ынтымақтастық орнатпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Канада мал шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатпақ. Бұл туралы Канаданың жетекші құрал-жабдық өндірушілерімен кездесу барысында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котенев айтты.

«Алматы - Қазақстан бизнесінің басым көпшілігі шоғырланған қала. Мұнда негізгі бағыт сауда мен қаржы секторына бағытталғанына қарамастан, палата экономиканың барлық саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Әсіресе, бұған аграрлық сала да жатады. Ауылшаруашылығын дамытуда озық технологиялары бар шетелдік компаниялармен халықаралыққ ынтымақтастық орнату өте қажет», - деді А.Котенев.

Кездесуге Канаданың ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп министрлігінің өкілдері, «ITS Global» өкілдері, Алматы облысының кәсіпкерлері қатысты.

«Қазақстан мен Канаданың табиғи-климаттық жағдайы өте ұқсас. Малшаруашылығы екі елдің ынтымақтастығын дамытатын бірден бір сала. Оған Канададағы ірі қара шаруашылығының жоғары даму деңгейін қосыңыз. Осы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде Қазақстан АШМ мен Канада үкіметі арасында меморандумға қол қойылды», - деді Канаданың ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп министрлігінің кеңесшісі Дженнифер Феллоуз.

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасының директоры екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға барынша көңіл бөлетіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар