Алматы лаңкестікке, тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен 508 адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы комендатурасы қаладағы жағдай бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығының мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:

Сайн - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы.

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталды. 22 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 412 оқ-дәрі тәркіленді.

Блобекеттерде 56 адам, 9 көлік ұсталды.

«102» басқару пультіне 1 021 хабарлама келіп түскен.

Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525-і дабыл түсті.


Соңғы жаңалықтар