Алматы қысқа қаншалықты дайын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы көшелерін қардан тазалау үшін мыңға жуық арнайы техника дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы тазалық» МҚК хабарлауынша, Алматы қаласы қысқа 100% дайын.

«Қазіргі кезде қаланың барлық қар тазалайтын арнайы техникасы жұмысқа 100% дайын. Қыс кезінде қар тазалаумен 993 арнайы техника және 1 320 жол жұмысшысы айналысатын болады. Егер қар қалың жауатын болса, қосымша 150 жүк аударатын машина тартылады», - деп хабарлады «Алматы тазалық» МҚК.

Сонымен қатар, компания оқыстан болатын оқиғалардың алдын алу үшін жолды тазалауға кететін уақыт нормативін ескере отырып, барлық арнай техникалар қозғалыстарының бағыттары және бекітілген учаскедегі қар тазалау технологиясы бойынша жаттығу ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Алматы тазалық» МҚК қар тазалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қала тұрғындары мен қонақтарын көліктерін рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға және жолдарда болатын кептелістерге түсіністікпен қарауға шақырады.

«Қазгидрометтің» ауа райын ұзақ мерзімді болжауы бойынша Алматыда қар аралас жауын-шашын 5-10 және 23-30 қараша аралығында болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар