Алматы қуыршақ театры республика бойынша үздік ұжым атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қуыршақ театры театр ұжымдарының арасында республика бойынша рейтингте бірінші орынға тұрақтап, «2014 жылдың үздік кәсіпорны» атағын жеңіп алды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің қорытындысы бойынша аталған рейтингте жүлделі 2-орынды Шымкент қаласының «ОҚО облыстық қуыршақ театры» МКК иеленді. Үшінші орынға Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры» МКК лайық деп танылды.

Алматы қалалық мәдениет басқармасы театр ұжымын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.

Соңғы жаңалықтар