Алматы құтқарушылары Қарғалы өзеніндегі су деңгейін бақылауда ұстап отыр (ВИДЕО)
2016 жылғы 11 ақпан 11:48

Алматы құтқарушылары Қарғалы өзеніндегі су деңгейін бақылауда ұстап отыр (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ТЖД-ның қызметкерлері мұз бөгетінің жиналуынан Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілмеуін қадағалап тәулік бойы кезекшілік етуде.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 ақпанда Алатау ауданындағы «Теплоэнергетик» ЖЭС-2 саяжай қоғамының тұрғыны Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілуі ықтимал» деп телефон соққан.

«Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері мұз бөгетінің қалыңдап, ағып жатқан судың деңгейі көтерілгенін анықтады. Алатау ауданының әкімдігі мен ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар 400 метр аумақты экскаваторлармен тазалап шықты. Аумақтан 216 куб метр қар мен мұз шығарылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қарғалы өзенінің осы аймақтағы деңгейі төмендеді. Жақын маңдағы үйлерді су басу қаупі сейілді. Ауа температурасының төмендегеніне байланысты тағы да мұз құрсауы пайда болмас үшін құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етуде.



Jańalyqtar

MURAǴAT