+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Алматы құтқарушылары аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

2021 жылғы 6 шілде 20:34
Бөлісіңіз:
Алматы құтқарушылары аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау: Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрды Атырауда шаңды дауыл соғып тұр Демалыс күндері қар жауады - Қазгидромет

«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметінше, 7 шілде күні Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал.

Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;

- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;

- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз; Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;

-Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.

- Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

-Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT