Алматы құтқарушылары Ақсай өзенінің арнасын тазартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мұз бөгеті салдарынан су тасу қаупі туындап тұрған Ақсай өзенінің арнасы тазартылды. Өзеннің 200 метр аумағынан құтқарушылар 96 текше метр лай, мұз массасын шығарды. Бұл туралы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, қазір құтқарушылар таудан бастау алатын өзендердің су деңгейін қатаң бақылап отыр. Қарғалы өзенінің арнасынан да 400 текше метр мұз кесектері шығарылды. Аталған өзенде қазір қалалық құтқару қызметінің 10 қызметкері тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр. Арнайы 5 көлік бөлінген.

Сондай-ақ, Бостандық ауданы тұрғындарының шағымына байланысты үйге құлау қаупі бар кәрі ағаш кесілді.

Соңғы жаңалықтар