Алматы құрамына кірген аймақтың құжатына өзгеріс енгізу заңға қайшы - Б.Сауранбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы құрамына кірген 23 мың га аймақтың жер туралы құжаттарына өзгеріс енгізу заңға қайшы болып саналады. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев айтты.

«Алматының құрамына биылдан бастап енген аймақтың жер жайлы құжаттарына өзгеріс енгізуге болмайды. Яғни, Үкімет қаулысы шыққан мерзімнен бастап осы аймақтарда саяжайды жеке тұрғын үй секторына айналдыру сынды әрекеттер жүзеге аспайды. Ондай деректердің барлығы қала әкімі Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен прокуратураға тапсырылады», - деді ол отырыс барысында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Елбасының бастамасымен Алматы қаласының шекарасы 23 мың гектарға ұлғайған болатын. Алматыға Қарасай, Іле, Талғар аудандарының 27 ауылы кірген болатын. Ал 102 мың адам Алматы қаласының тұрғынына айналды.

«Алматы аймағына Қарасай ауданынан 17 ауыл, Іле ауданынан - Первомайка мен Боралдай ауылының бір бөлігі, Талғар ауданынан Қайрат, Көлсай, Аққайың, Қызжібек ауылдары енді. Қазір аталған ауыл тұрғындарының жерлері тексеріліп, жеке бастарына жазылып жатыр. Бұл процесс үшін бізге аз уақыт берілген. 3 айда осы бағытта жұмысты тәмамдауымыз керек», - деді қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Қуаныш Қашқымбаев.

Соңғы жаңалықтар