Алматы қоймасындағы сапасыз медициналық құралдар: Жандарбек Бекшин түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Жандарбек Бекшин қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысында сапасыз жеке қорғаныс құралдарын сатып алу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке қорғаныс құралдары өткен жылы сатып алынған. Мен бұл мәселені бірден көтердім. Қыркүйек айында сапасыз медициналық костьюмдер анықталғанан кейін мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүгіндім. Кейін істі сот қарады, бірақ өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, бұл жерде көп нәрсе ескерілмеген. Мен кеше ғана ешқандай зертханалық зерттеулер жүргізбей-ақ олардың қаншалықты тиімсіз екенін анық, айқын, бейнелі түрде көрсеттім. Иә, бұл кір мен шаңнан қорғауға арналған жеке қорғаныс құралдары, бірақ вирустан емес», - деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында.

Еске салайық, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топ Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің өтініші бойынша қоймада бір жылға жуық сақталған жеке қорғаныс құралдарын тексерді.

Қоймада түсірілген видеоны Facebook-те Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жариялады.

Тексеру барысында, қоймадаға тауарлар 2020 жылдың маусым айында республикалық бюджеттен бөлінген ақшаға сатып алынғаны анықталды. 90 млн теңгеге 12 мыңға жуық костюм әкелінген. Бір жиынтық 7500 теңге тұрады. Қазір қоймада 7028 данасы бар.

Бүгін Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова «сапасыз» қорғаныш құралдарына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, жеке қорғаныш құралдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылған.


Соңғы жаңалықтар