Алматы көшесінде мопед үлкен жылдамдықпен жеңіл көлікке соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мопед мінген жас жігіт жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Оқиға Шаляпин көшесінің бойында, Сайн көшесіне жақын маңда болды. Куәгерлердің сөзінше, Шаляпин көшесінің бойымен батысқа қарай бет алып бара жатқан LADA Priora көлігі жол қиылысында солға қарай бұрылмақ болған. Оның соңынан мопед кетіп бара жатқан. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада» көлігінің бір қабырғасын келіп соқты.

null

Жол апатының салдарынан мопедтің жүргізушісі, жас жігіт зардап шекті. Оны түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен жедел жәрдем көлігі алып кетті.

nullnull

Соңғы жаңалықтар