Алматы көшелерінен 1,5 мың текше метр қар шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы коммуналдық қызметтері түні бойы жауған қарды жинап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала көшелеріндегі қарды жинауға 617 техника мен 1625 жол жұмысшысы шықты. Көктайғаққа қарсы 3384 тонна материал себілді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын қардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

Түнде қаланың қозғалыс бөлігіндегі қарды қырып алып тастау бойынша колонналар ұйымдастырылды.

Қала сыртына 1,5 мың текше метр қар шығарылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалауды жіті қадағалайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылған.



Соңғы жаңалықтар