+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматы көшелеріне 93 ақылды бағдаршам орнатылады

2020 жылғы 21 қаңтар 14:15
Бөлісіңіз:
Алматы көшелеріне 93 ақылды бағдаршам орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының аясында қала әкімдігі жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін енгізу мен пайдаланудың жаңа ережелерін әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ережелер қаланың бағдаршам жүйесін модернизациялауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы 93 бағдаршам зияткерлік көлік жүйесімен жарақтандырылады. Бұл құзырет қала тұрғындарының, мамандардың пікірін және халықаралық тәжірибені ескере отырып әкімдіктің бастамасы бойынша қолға алынуда. Осы мәселеге қатысты жүргізілген зерттеулер бағдаршамдарды жол жағдайларына қарай бейімдеу қажет екенін көрсетті.

«Биыл зияткерлік жүйенің алғашқы кезеңінде 93 бағдаршамды орнатуды жоспарлап отырмыз, қалғаны 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады», — деді Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байғоныров.

«Ақылды» бағдаршамдар жолдардағы қозғалысты өзі реттейді, қондырғы жүргізушілер үшін қолайлы уақытты (20 немесе 30 секунд) болжай алады.

Қанат Байғоңыров бағдаршамдардың зияткерлік жүйесінің жолақтардағы, бағыттардағы көлік санын автоматты түрде санайтынын және көлік жылдамдығын анықтайтынын да айтты.

«Көлік ағынын тіркейді және сыртқы әсерсіз жол қозғалысын реттейтін болады. Осылайша, бағдаршамдар жолдардағы жағдайларға бейімделеді», — дейді ол.

Нәтижесінде «ақылды» бағдаршамдар «жасыл дәлізді» құрады және қозғалыс әлеуетіне басымдық береді, ең алдымен қозғалыстың үлкен ағынын азайтуды басшылыққа алады әрі қоғамдық көлік қозғалысына ықпал етеді.

Мұндай зияткерлік жүйені енгізу қаладағы жол қозғалысына қатысты проблемаларды шешуге, жолдардағы кептелістерді азайтуға, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға әрі апатты жағдайларды азайтуға көмектеседі деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT