USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы көшелеріне 1 мың бейнебақылау камерасы орнатылады

2019 жылғы 5 қыркүйек 13:33
Бөлісіңіз:
Алматы көшелеріне 1 мың бейнебақылау камерасы орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активінің отырысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды Сенаторлар: Мемлекет қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын бақылауды сақтауы керек ШҚО-да 5 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін

«Алматы көшелеріне жыл соңына дейін 600 бейнекамера орнатылады. 2020 жылы тағы 400-ін орнату жоспарда бар. Интеллектуалды жүйесі бар, заманауи камералар қаланың барлық негізгі нысандарын қамтиды. Адамдар көп жиналатын жерлерді бақылайды. Бұл - қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі»,- деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 фронт-кеңсе ашылады. Онда келушілер ХҚО негізінде ыңғайлы жағдайда қызмет ала алады.

Сондай-ақ, актив отырысында сел қаупін азайту мәселесі де қаралды.

«Сел қаупін азайту мақсатында биыл Алматы, Қарғалы және Ақсайдың кіші және үлкен өзендер бассейндерінде 10 автоматтандырылған бақылау станциясының құрылысы басталды»,- дейді Сағынтаев.

Қала әкімі жауапты мекемелерге сел қаупі бар нысандарға бақылау станцияларын жеделдетіп орнатуды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT