10:34, 03 Желтоқсан 2017 | GMT +6
Алматы көшелерінде көктайғақ: 2440 тонна құм себілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қар тазалау бойынша жұмыстарды тәулік бойы атқармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше кешкі уақыттан бастап түні бойы жауған қардың биіктігі 4 см жетті.
«Жергілікті коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы 2440 тонна құм мен 1530 тонна тұз қоспасын сеуіп шыққан. Сонымен қатар тротуарлар мен жолдар қардан тазартылған. Қар тазалау жұмыстарына 526 техника, 1416 жұмысшы жұмылдырылды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Казгидромет» РМК болжауынша, Алматыда 5 желтоқсанға қар жаууы ықтимал.
Аудандық әкімдіктер қар тазалау жұмыстарына тәулік бойы кезекшілік белгіледі.