Алматы көшелерін қоқыстан жаппай тазарту жұмыстары жүргізілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коммуналдық қызметтер коменданттық сағаттан басқа уақыттарда штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 8 қаңтарда қоқыс шығару ұйымдары аула аумақтары мен жеке тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын бастады. Оған 200-ден астам техника мен 700 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі жағдай бойынша 10,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

«9 қаңтардан бастап «Алматы Тазалық» кәсіпорын мен мердігер ұйымдар мегаполистің көше-жол желісін тазарту бойынша жаппай жұмыстар ұйымдастырды. Оған 500-ге жуық арнайы техника мен 1600 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бүгінде 667 тонна қоқыс шығарылды», - деді спикер.

Сондай-ақ құтқару қызметінің 93 жұмысшысының күшімен және 45 бірлік арнайы техниканы қолдана отырып, тәртіпсіздік барысында зақымданған 100 бірлік автокөлік, сондай-ақ ірі көлемді қоқыс пен қираған экопосттар шығарылды.


Соңғы жаңалықтар