Алматы көшелерін қардан тазартуға 1,5 мың жұмысшы тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы көшелеріндегі қарды жинауға 600 техника мен 1,5 мың жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегополиске кешеден бері толассыз қар жауып жатыр. Бүгін де жауады деген болжам бар.

«Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, бұрылыстарға, жолайрықтарға 4150 тонна материал себілді. Тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан толықтай тазартылып жатыр» делінген әкімдік хабарламасында.

Таңнан бері қалада 596 техника мен 1566 жол жұмысшы қар жинауда.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар жинауды жіті қадағалайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар