Алматы көшелерін қардан тазалауға 574 көлік шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түн ішінде қалыңдығы 30 сантиметрге жететін қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің Жасыл экономика басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың хабарлауынша, бүгін таңертеңгі 08:00-ден бері қалада жауған қардың қалыңдығы 20 см-ге жетсе, таулы аймақтарға 30 см-ге жуық қар түскен.

Қарды тазалауға 574 техника жұмылдырылды.

Мердігер ұйымдар көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін 3 100 тонна құм төкті.

Күндіз 718 арнайы техника мен 2,2 мың жол жұмыскер шықты.

Басқарма өкілдері тұрғындарға жеке көліктерін жол шетінде қалдырмауды сұрайды. Әйтпесе тротуар маңының қардан тазалануына кедергі келтіреді.

Ескертуді елемегендердің көліктері эвакуатормен алынып тасталады.

Соңғы жаңалықтар