Алматы көшелерімен денсаулық автобусы жүріп өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - "Өз мәртебеңді біл" Дүниежүзілік науқаны шеңберінде Алматы көшелерінде денсаулық автобусы жүріп өтеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

 "Кез келген адам АИТВ-ға жедел тест жасап, мамандардың кеңестерін ала алады. Денсаулық автобусы Төле би көшесі бойымен қаланың орталығына қарай жүретін болады. Қозғалыс 12:00 де Төле би-Момышұлы көшесінен басталады. Автобус аялдамаларда тоқтап, ниет білдірушілерді күтетін болады",- деді Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен "Реванш" қоғамдық қорының өкілдері.

Тестілеу, жасырын және тегін түрде жүргізіледі. Әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес биыл отызыншы рет аталып өтілуде. 15 қарашада басталған  "Өз мәртебеңді  біл" науқаны 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар