+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматы көшелері мұз айдынына айналды: Қалада бірнеше жол апаты болды

2021 жылғы 14 наурыз 00:14
Бөлісіңіз:
Алматы көшелері мұз айдынына айналды: Қалада бірнеше жол апаты болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдары қалың тұман мен жауын шашын салдарынан мұз айдынына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тауып, тағы 5-уі ауруханаға түсті

Тұрғындар әлеуметтік желіде көктайғақ кесірінен болған жол апатының суреті мен видеосын тарата бастады.

Instagram желісіндегі kris.p.official парақшасында Абай мен Саин қиылысындағы жол апатының видеосы тарады.

«Жолаушыларға абай болуды ескертеміз. Қалада қатты көктайғақ. Қажеттілік болмаса шықпаңыздар. Жол апаты көп болып тұр» делінген жазбада.

Kris_p_kz паблигінде басқа да жол апаттарының суреті жарияланды.

«Алматы. Көктайғақ. Үлкен Алматы каналы, Шығыс айналма жолы, Мөңке би, әл-Фараби... барлық жерде жол апаты боп жатыр» делінген жазбада.

Сонымен қатар, Сүйінбай көшесінде екі адамды көлік қағып кетті.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін күн жауын-шашынды болады деп күтілуде.

Ертең, 14 наурызда күндіз ауа райы +2 градус болып, нөсерлі жауын-шашын болады. Қалған күндері де ауа райы жауын-шашынды болмақ.

Түнгі уақытта ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктерде су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

«Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізу үшін, автокөлік жүргізушілерінен көлік қозғалысын шектеуді және көліктерін жол жиектеріне қоймауларын сұраймыз. Қар тазалауға кедергі келтіретін көліктерді эвакуаторлардың алып кететінін ескертеміз. Егер көлікпен жүрудің қажеттілігі туындаса, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, автомобильдер арасында қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға шақырамыз» деп хабарлады Қазгидромет.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT