«Алматы - Қорғас» жолында автокөлік қатты жылдамдықпен қоршауға барып соғылды

None
None
ҚОРҒАС. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы тасжолда жан түршіктірер жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol» ҰК« АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы - Қорғас» тасжолында қатты жылдамдықпен келе жатқан 30 жастағы жүргізуші көлігін тоқтата алмай апатқа ұшырады. Ол көлігімен төлем қабылдау пунктінен кейін орналасқан темірбетон қоршауға барып соғылған. Қазір жүргізушінің жағдайы жақсы, ауыр жарақат алған жоқ» делінген хабарламада.

Жол полициясының қызметкерлері жүргізушіні медициналық сараптамаға, ал автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізді.

Соңғы жаңалықтар