+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

«Алматы-Қорғас» жолында 35 шақырым электр желісі ұрланған

2019 жылғы 9 қыркүйек 10:32
Бөлісіңіз:
«Алматы-Қорғас» жолында 35 шақырым электр желісі ұрланған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жол қызметінің күнделікті тексеру жұмыстарына қарамастан, ақылы учаскелерде жол элементтерін ұрлау фактілері азаймай тұр, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
«Сыра королі» Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілді Елордада коттедж тонауды кәсіп еткендер қолға түсті ШҚО-да қылмыс азайып келеді - генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев

Мәселен, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесінде 2018 жылдан бастап 10 ұрлық фактісі тіркелген. Кабельдер мен үй жануарлардың жолға шықпауы үшін орнатылған арнайы қоршаулармен қатар, басқа да бағалы техникалық-құралдар ұрлануда. 2018 жылдың сәуір айында демалыс алаңындағы жаппа (беседка), ал ағымдағы жылдың тамыз айында ақылы учаскеден дизельді-генератор ұрланған. Сонымен қатар, 7 дана жарық прожекторы, 30-ға жуық жарық беретін құрылғы, 412 бірлік консоль ұрланған.


«Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесінде 5 мың метрден астам қоршау ұрланды.

Кабельдер мен қоршауларды ұрлау фактілері Алматы облысындағы ақылы учаскелерде де жиі тіркеледі. Бұл облыстағы ұрлықтың ауқымы да кең. «Алматы-Қорғас» ақылы жолындағы қайта жаңарту жұмыстарынан кейін учаскеден 35 шақырым электр желісі ұрланған. Алайда, бұл аталмыш учаскедегі ұрлық фактілерінің тек бастамасы ғана. Байсерке, Ақбастау және Қазатком жол айырығында 3 трансформатор ұрланған. «Алматы-Қапшағай» учаскесіндегі үш рет ұрланған электр желілерінің жалпы көлемі 6 шақырымға жетеді.

Жолдың бойындағы демалыс алаңдарынан орындық пен үстелдермен қатар, аялдама павильондарын ұрлаған фактілер де тіркелген.

Ұрлау фактілері анықталғаннан кейін Дирекция қызметкерлері шұғыл түрде ішкі істер бөліміне хабар береді. Полиция қызметкерлері оқиға орнында акт жасап, 1 тәуліктің ішінде ресми хат жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізеді.

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы жол белгілерін ұрлау жолдағы қауіпсіздікке әсер ететінін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT