«Алматы-Қорғас» трассасында үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақаттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алматы-Қорғас» тасжолында болған көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті жол апаты фактісін растады.

«Алматы-Қорғас» тасжолының 313-шақырымында «Ауди-100» және «Тойота-Камри» автокөліктері соқтығысты. «Тойота» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін жан тапсырды. Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар