Алматы-Қорғас тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды
2023 жылғы 3 ақпан, 15:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жөл-көлік оқиғасы Панфилов ауданында Алматы-Қорғас тасжолының 337-шақырымында болды. 29 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін басқара алмай, аударылған. Оқиға салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды», - деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді.Жол апатының себебі анықталуда. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP