Алматы-Қорғас тас жолында күннің ыстығынан бетон плиталар көтеріліп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Күннің қатты ысуынан 2 шілде күні Алматы-Қорғас тас жолының 86 шақырымында бетон плиталар қозғалған. Бұл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі де растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәйдібек би ауылының маңында ақылы жолдың бетонды плиталары бір-біріне қосылған тұсында қозғалған. Соның салдарынан тас жолдың беткі қабаты көтерілген.

«Ақау шыққан учаскеде «ҚазАвтоЖол» жұмысшылары әкімшілік полиция қызметкерлерімен жедел түрде ескерту белгілерін орнатып, жол бойында патрульдік көлік кезекшілік жүргізді.

Кемшіліктер жылдам жойылып, көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді. Ведомство өкілдері уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрап, ақауды дер кезінде анықтап, хабарлаған көлік жүргізушілеріне алғыс білдіреді», - делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ-ң баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар