Алматы компаниялары шетелдік нарықты бағындыра бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Аврора» компаниясының тұрмыстық химиялық өнімдері ТМД нарығына шыға бастады. Айта кету керек, бұл жоба индустриаландыру картасы аясында ашылған болатын.

Өндіріс орны тұрмыстық химиялық өнімдердің 50 түрін, косметикалық заттардың 45 түрін өндіреді.

Компанияның бас директоры Данияр Алшанбаевтың айтуынша, құны 640 млн теңге болатын жоба жылына 10 800 тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде онда 250 адам жұмыс жасайды.

Жақында зауытта 0,27 га аумақта жаңа өндіріс желісі ашылды. Қосымша 60 жұмыс орны ашылды. Жаңа нысанның жұмысын бір жүйеге келтіруге нидерландтық компаниясы ат салысты.

«Аврора» ЖШС-нің негізі 2010 жылы Алматыда қаланған. 2011 жылы компания «Ең үздік зарасыздандыру өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сыйлығына лайық деп табылды.

Соңғы жаңалықтар