+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Есірткі жарнамалаған Алматы колледждерінің студенттері ұсталды

2018 жылғы 29 қараша 11:47
Бөлісіңіз:
Есірткі жарнамалаған Алматы колледждерінің студенттері ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы есірткі заттарын заңсыз жарнамалаған үш колледж студенттерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студенттер «Допинг» есірткі заттарын таратудың алдын алу шарасы барысында анықталған.

«Біздің қызметкерлер «Скорость - Papa Hais Operator» деген жазумен есірткі және психотропты заттарды жарнамалады деген күдікпен үш колледж студенттерін ұстады. Олар Әуезов ауданындағы үйлердің қабырғаларына трафарет және қара түсті спрей-бояулармен есірткі туралы ақпараттар жазып отырған. Студенттерге әр жазу үшін 500 теңге төлеу уәде етілген», - деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әлмағамбетов.

Тәртіп сақшылары есірткі туралы ақпараттарды көрген жағдайда полицияға «+7 708 300 0611, +7 776 088 8820 нөмірлеріне) бірден хабар беруді сұрайды. Сонымен қатар, полиция ата-аналарға бұл ақпаратты балалардың оқуына жол бермеуге кеңес береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT