Алматы-Көкпекті-Көктал тас жолында көлік апатынан бір адам мерт болды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы-Көкпекті-Көктал тас жолында автобус пен екі жеңіл көлік соғысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысты. Hyundai Getz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпекті-Көктал жолының 42 шақырымында қарсы бағыттағы Saz Le-60 автобусына соғылды. Соққының қатты күшімен автобустан кейін ол Audi A4 көлігімен қақтығысады. Оқиға орнында Hyundai Getz көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мерт болды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қажетті сараптамалар тағайындалды, іс ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар