Алматы қоғамдық көлік жүргізушілері 3 күннің ішінде 696 рет ереже бұзған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткізілген республикалық «Автобус» акциясы барысында 696 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Бұл туралы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков айтты.

«Атап айтқанда, автобус жүргізушілері арасында 152 телефонмен сөйлесу, 81 жол қозғалысын бұзу, 12 апатты жағдай туғызу, 15 техникалық байқаудың жоқтығы, 10 заңсыз қайта жабдықтау дерегі тіркелді. Апталық қорытындысына сәйкес, жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарда басшылық қызмет ететін 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді Н.Алмасбеков.

Соңғы жаңалықтар