Алматы əкімі Бауыржан Байбек жаңа электронды билеттендіру жүйесімен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 қазаннан бастап қаланың муниципалды паркіндегі қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілетін болады. Бүгін Алматы əкімі Бауыржан Байбек жаңа жүйенің қыр-сырымен танысты.

Қала басшысының айтуынша, жаңа жүйе ең алдымен көлеңкелі ақша айналымын жоюға көмектесуі тиіс.

"Жолаушылар "Оңай" арнайы картасын сатып алуы керек. Карта құны 320 теңге. Балансында 80 теңге болады.

Картаға ақша салу үшін қалада 7535 терминал орналасатын болады. Комиссия төлемі төленбейді. Зейнеткерлер, оқушылар мен студенттерге сатылатын карта құны қымбатырақ. Өйткені, əр картада иесі туралы ақпарат орналасады.

Көлікке кірген адам картаны арнайы құрылғыға тақап, тіркейді.

Жолаушылардың ақшаны төлеген-төлемегенін арнайы бақылаушылар тексеретін болады. Оларда арнайы терминал болады. Бастапқы үш айда бақылаушылар билет сататын болады. Кейін жолаушылар əбден жаңа жүйеге үйренген кезде, олар тек тексеруге көшеді",- деді жобаның инвесторы Абдураманов Ильфат.

"Ең бастысы адам факторын жойып, бюджеттен тыс кетіп жатқан ақшаны жарыққа шығарады. Мен халықтың ақшасын қайда шашып жатқанын көрсетуім керек", - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, қалаға күнделікті 250-260 мың көлік кіріп-шығады. Халық арасында қоғамдық көліктің беделін арттыру керек. Сондай-ақ, жаңа жүйе балалардың қауіпсіздігін арттыруға көп септігін тигізбек. Картаның тіркелуі арқылы баланың қозғалысын бақылауға болады.

Мамандардың айтуынша, электронды билеттендіру жүйесі қаладағы барлық мүгедек жандар мен жеңілдікті талап ететін азаматтар категориясы туралы нақты статистика ұсынбақ.

Əзірге жаңа жоба пилоттық мақсатта жүзеге асады. Жүйе толығымен 1 қаңтардан іске қосылады.

Жоба құны 12 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар