Алматы кембағал жандарға бейімделген нысандар бойынша көш бастап тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктері үшін 32 мыңнан астам нысан бейімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Қазақстанда 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Бұл - ел халқының 3,73%. Бүгінде «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында олардың ыңғайлылығы үшін қала, аудан және елді мекендердегі барлық бейімделген нысандардың қолжетімділігі туралы ақпарат жарияланады.

Бүгінгі таңда жүйеде республика бойынша 32 мыңнан астам бейімделген нысандар көрсетілген. Атап айтқанда, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға – 32 491 нысан, көру қабілеті бұзылған адамдарға – 32 477, есту қабілеті бұзылған адамдарға – 21 168, арбамен қозғалатын адамдарға – 32 547 нысан қолжетімді.

Бейімделген объектілердің ең көбі Алматыда – 3217, сондай-ақ Түркістан (3137), Атырау (3011) және Шығыс Қазақстан (2580) облыстарында.

Порталға yandex картасы біріктіріліп, сол арқылы бейімделген нысандар жайлы ақпаратты тауып, қарауға болады. Сондай-ақ, «пікірлер» функционалы іске қосылды. Онда азаматтар объектілердің қолжетімділігі бойынша өз пікірін қалдыра алады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» порталы арқылы алдын ала үйден бейімделген нысандарды көріп, таба алады.


Соңғы жаңалықтар