Алматы кеденшілері Қытайдан заңсыз келген 2,5 тонна акциздік маркілерді тәркіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кеденшілері Қытайдан Қазақстанға заңсыз өтіп бара жатқан акциздік маркілердің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алмалы - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға заңсыз өтіп бара жатқан акциздік маркілердің ірі партиясын тәркіледі. Департамент қызметкерлері ҚХР-дан келген тауарларды тексеру барысында автокөліктердің бірінен есеп - бақылау акциздік маркілері салынған 50 қорапты тапты. Аталған тауар кедендік бекет арқылы жасырын өтуге тиіс болған. Тауардың жалпы салмағы шамамен 2,5 тоннаны құрады. Тауарда көрсетілген жазулар Ресей Федерациясының аумағында айналымға түсетін алкогольді тауарларға арналған»,- делінген хабарламада.

Қазір аталған дерекке қатысты Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі тексеру амалдарын жүргізуде. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар