Алматы қазіргі заман өнерінің орталығына айналмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтетін ARTBAT FEST-2014 қазіргі заман өнері фестивалі 28 тамыздан 29 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ұйымдастырушылар хабарлады.

«Басында фестиваль Арбаттағы жаяу жүргіншілер жолының даму жобасы ретінде қарастырылған. Соңынан бұл шараның деңгейі өсіп, халықаралық дәрежеге жетуі қажет деген пікір туды. Қазақстандағы, Орталық Азиядағы бірден-бір айтулы шара болуға лайық екені белгілі болды. Біз АҚШ, Еуропа, Азиядан суретшілерді шақыра бастадық», - деді «Еуразия мәдени альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Игорь Слудский. Оның айтуынша, ARTBAT FEST-2014 қазақстандық және халықаралық шығармашылық қауымдастықтар арасындағы мәдени байланыс алаңына айналмақ. Фестиваль бесінші рет қазақстандық және халықаралық қылқалам шеберлерінің туындыларын паш етпек. Жібек Жолы мен Республика алаңына дейінгі аймақта бейнелеу өнерінен сансыз инсталляциялар орналастырылады. ARTBAT FEST-2014 аясында ағылшынның атақты суретшісі Sickboy «Самал» шағын ауданындағы үйлердің біріне сурет салады. Сондай-ақ тамыздың 29-ында алматылықтар итальяндық ROD театрының би қойылымын, итальяндық өнерпаз Сальваторе Вивианоның музыкалық-хореографиялық перформансын тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар