+7 (701) 759 90 19
USD 377.75 EUR 421.27
RUB 6.13 CNY 54.91
Jańalyqtar

Алматы кәсіпкерлерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді

2019 жылғы 13 желтоқсан 14:07
Бөлісіңіз:
Алматы кәсіпкерлерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы бюджетінің 64% шағын және орта бизнес субьектілерінің салығынан құралады. Бұл туралы бүгін мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі заңсыз құрылыс үшін қоластындағыларды сынға алды Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты Автобустардың экологиялық таза болуын талап етеміз - Бақытжан Сағынтаев

«Қала бюджетінің көлемі ШОБ субьектілерінен түсетін салыққа байланысты болып отыр. Алматыда шағын және орта бизнес субьектілері ашылған сайын салық көп түседі. Соның арқасында қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік артады. Бізге негізі корпортативтік табыс салығын жергілікті бюджетке бұрған тиімді. Бұл дегеніміз ШОБ субьектілерінің мүддесін қорғау керектігін көрсетеді. Өйткені, ақшаның 64% солардан келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімі келесі жылы ШОБ субьектілерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.

«Бұл салаға 30 млрд теңге бөлінсе, бізге 300 млрд теңге қайтады. Оны жақсы түсініп отырмыз», - деді Сағынтаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT