+7 (701) 759 90 19
USD 430.99 EUR 515.29
RUB 5.69 CNY 65.99
Jańalyqtar

Алматы кәсіпкерлері Ashyq жобасына қалай өтініш бере алады

2021 жылғы 8 сәуір 17:30
Бөлісіңіз:
Алматы кәсіпкерлері Ashyq жобасына қалай өтініш бере алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингісінде «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да «Бастау Бизнес» жобасына тұрғындардан өтінімдер қабылданып жатыр Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады - Премьер-Министр Алматының кинотеатрлары сәуір айында «Ashyq» пилоттық жобасына қосылуы мүмкін

«Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің сайтындағы тізімде пилоттық жобаға 264 бизнес нысандардың қатысатыны, бір қатысушы өтінімінің өңделіп жатқаны, 92 қатысушы QR-кодын алу сатысында екендігі жарияланған. Пилоттық жобаның арқасында Алматыда қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталды. Жалпы, 17 қаңтардан 5 сәуірге дейін республика бойынша қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды»,-дейді спикер.

Айтуар Қошмамбетов «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеу үшін кәсіпкерлердің қандай кезеңдерден өтулері тиіс екенін атап өтті.

«Ол үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Яндекс платформасындағы үлгіні толтыру арқылы өтінім беру қажет. Өтінім беруге арналған сілтемені біздің «Бизнес штаб Алматы» телеграмм-арнасынан табуға болады.Барлық өтінімдер берілгеннен кейін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші сәйкестігі тексеріліп, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісіледі. Бұдан әрі тексеру мен мақұлдаудан кейін берілген өтінімдер QR-код жүктеуге рұқсат беруге жіберіледі. Рұқсат алғаннан кейін өтінім берушілер электронды платформада QR код алу нұсқаулығына сәйкес QR-кодты InfoKazakhstan.kz сайтынан жүктей алады»,- деді Айтуар Қошмамбетов.

Жаңадан қатысушылар бір апта бойы білімдерін жетілдіреді әрі тестілік режимде жұмыс істейді.

«Бір аптадан кейін тестілік режим негізінде жаңадан қатысушылар әкімдік сайтындағы тізімге енгізіледі. QR жүктеуге рұқсат беруге өтінімдері бір күнде 2 рет сағат 12.00 және 18.00-де жүргізіледі. Әкімдік сайтындағы қатысушылар тізіміне енгізу аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі»,- деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Нысан экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші кодына сәйкес келмесе немесе кәсіпкерлік субъектінің жұмысына тыйым салынса, онда «Ashyq» жобасына қатыспайды.

«Бүгінгі күні кинотеатрлардың иелері қосымшаны бастау үшін жиі хабарласады. Бұл мәселе қаралуда, жаңа қаулы шыққан жағдайда кинотеатрлар «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар тізіміне енгізілуі мүмкін»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT