Алматы: Кәсіпкерден пара алды деген күдікпен аурухананың бас дәрігері ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының №12 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері кәсіпкерден 200 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қалалық департаменті «Алматы қаласының №12 қалалық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің пара алу фактісін анықтады. Оған «№12 қалалық клиникалық ауруханасы» ғимаратында кәсіпкерлік қызметін кедергісіз жүргізу және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде жүйелі негізде пара алып келген деген күдік келтіріліп отыр», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бас дәрігерге медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және шарт жасасу бойынша мемлекеттік сатып алуда артықшылық көрсету үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен жалпы сомасы 340 мың теңге және 1950 АҚШ доллары көлеміндегі пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

«Сот санкциясымен күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», - дейді Жанна Бастарова.

Соңғы жаңалықтар