«Алматы - Қапшағай» тасжолы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Алматы - Өскемен» республикалық автожолындағы қозғалыс қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең «Алматы-Өскемен» автожолының 16-122 шақырым аралығында ауа-райының қолайсыздығына, яғни, жол төсенішінде мұздың пайда болуына байланысты апатты жағдайларды болдырмау мақсатында барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылған болатын. Арнайы жол қызметтері тиісті шаралар қабылдап, аталған жол учаскесіндегі қозғалысты қалпына келтірді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Автожол учаскесінде бүгін 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар, көліктердің соқтығысуы кезінде дене жарақатын алған адамдар жоқ, деп толықтырды ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар