«Алматы-Қапшағай» тас жолы 2017 жылдан бастап ақылы болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы-Қапшағай» тас жолы 2017 жылдан бастап ақылы болады. Бұл туралы бүгін министрдің қатысуымен өткен жол құрылысымен танысу барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

Қазіргі таңда аталған тас жолдың 104 шақырымы жөнделіп жатыр. Оның 10 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. 63 шақырым жол 6 жолақты, қалған бөлігі 4 жолақты болады деп жоспарлануда.

«Алматы-Қапшағай» тас жолы бойынша жұмыс екі жыл бұрын басталды. Жоба келесі жылы бітеді деп жоспарлануда. Ол сапасы жоғары бірінші санаттағы бетонмен қапталған жол болады. Келесі жылы жолды толығымен жабдықтап, 2017 жылдан бастап ақылы жүйе енгізіледі»,- деді Ж.Қасымбек.

Әзірге жол бағасы қанша болатыны белгісіз.

«Менің ойымша, «Астана-Бурабай» тас жолы сияқты 1 шақырымына 1 теңгеден болатын шығар. Келесі жылы біз «Астана-Бурабай» тас жолынан 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы түсіруды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, жол өзін-өзі қамтамасыз ететін болады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар