Алматы-Қапшағай күре жолында жүк көліктері соғылып, 1 адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Қапшағай күре жолында  болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып,тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы-Қапшағай күре жолының 34-ші шақырымында екі жүк көлігі соқтығысты.

Куәгерлердің айтуынша,цемент таситын жүк көлігі Алматыға қарай келе жатып, жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Жол апатынан цемент таситын көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал жол шетінде тұрған көліктің жүргізушісі ауыр халде аурухана жеткізілген.

Полиция оқиғаның себептерін анықтауға кірісті. 
null 

null 

Соңғы жаңалықтар