«Алматы-Қапшағай» бетон тас жолы неге асфальтталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» өкілдері тақтайдай тегіс бетондалған Қапшағай тас жолына неге қосымша асфальт жүргізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде таралған болатын.

2017 жылдың желтоқсанында және 2019 жылдың қаңтарында «Алматы-Қапшағай» тас жолында ірі жол апаты болған еді. Көктайғақтан 6-20 автокөлік соқтығысты.

«Осы жол апатынан соң жол жабындысына эмульсиялық-минералдық қосынды төсеу туралы шешім қабылданды. Сырты қабыршақ, әрі жылу алмасу қасиеті жоғары жабынды жол апатының алдын алады. Жалпы алғанда осы жолдың солтүстікке қарай 5 шақырымына жабынды төселеді. Бұл жұмыстар қыркүйекте аяқталады», - деді «ҚазАвтоЖол» АҚ.


Соңғы жаңалықтар