Алматы қаласының жеңуге мүмкіндігі зор - күйші Асылбек Еңсепов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халқы қаланың кандидатурасын қолдауға Абай алаңына жиналып жатыр. Жеңіске тілектестік білдіріп келгендердің арасында өнер адамдары да бар. Күйші Асылбек Еңсепов Алматының жеңіске деген мүмкіндігі өте жоғары деп санайды. Ол алматылық көрермен назарына екі жаңа композициясын ала келген.

"Негізі біз бүгін қазақтың қара домбырасын Куала-Лумпурда шырқатуымыз керек еді. Концерт болмайтын болған соң Алматыға келдік. Кеше қала əкімі Ахметжан Есімов қаланың дайындығы 80 пайыз екендігін айтты. Қазақстан ұтатынына күмəнім жоқ. Қытайда олимпиада болған. Оны да комитет ескеретін болар. Алматы жеңімпаз болса, нұр үстіне нұр болар еді", - деді ол. Күйші елдегі спорттың дамуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екендігін атап өтті. "Елбасының қазаққа жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз. Қазақ спортшыларының армандары жоқ. Оларға бар жағдай жасалып, зəулім сарайлар салынып жатыр. Мен Лос-Анджелесте 2,5 жыл тұрдым. Онда Қазақстан десе бəрі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты еске алады. Олимпиада Алматыда өтетін болса, елдің инфрақұрылымы әрі қарай қарқынды дамыр еді",- деді өнер адамы.

Соңғы жаңалықтар