Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің 28 қаңтардағы №15 Дауылды ескертуінің негізінде 29-30 қаңтар (демалыс) күндері Алматының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман, көқтайғақ күтіледі. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД алматылықтарға төмендегідей ескерту жасады:

- Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.

- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

- Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз!

- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.


Соңғы жаңалықтар