Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының мәслихатына барлығы 42 депутат сайланады. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, қалалық мәслихатқа 42 депутат сайланады. Оның 21-і бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінен, 21-і партиялық тізім бойынша дауыс жинайды.

«Кандидаттарды ұсыну жұмыстары 20 қаңтарда басталды. 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады», - деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясынан.

Еске салайық, бұған дейін Жанна Асанова Алматы қаласынан Сенат депутаты болып сайланған еді.

Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.


Соңғы жаңалықтар